Сенаторлар өңірлерді дамытуға 13,7 млрд теңге бөлуді ұсынды

10 Қараша 2022, 11:14 1034

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті

Сенаторлар республикалық бюджет жобасын Палата қабырғасында қарау кезінде оған жүзден астам ұсыныс енгізді, деп хабарлайды El.kz

Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов айтты. Депутаттар мәселен, ауылдағы өмірді жақсарту үшін ауыл жолдары мен көпірлерін салуға және жөндеуге қосымша 13,7 млрд теңге бөлуді ұсынды. Сумен жабдықтау мәселесі де депутаттардың назарынан тыс қалған жоқ: су құбыры желісін салуға және жаңғыртуға қосымша 22,2 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында қала тұрғындарының 99%-ы және ауыл тұрғындарының 96%-ы таза ауыз су алатын болды. Сонымен қатар, газдандыру мәселесі – еліміздегі маңызды мәселенің бірі. Қазақстан өңірлерінің өкілдері болып табылатын сенаторлар газбен жабдықтауға қосымша 14 млрд теңге бөлу жөнінде ұсыныстар енгізді.

«Осы заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 113 ұсыныс түсті. Үш жылдық кезеңге барлығы 71,8 млрд теңге соманың, оның ішінде 2023 жылға 30,0 млрд теңгенің ұсынысы қолдау тапты. Үкімет резервін қайта бөлу есебінен шығыстар ұлғаятын болады», - деді Серікбай Трумов.

EL.KZ
Бөлісу: