Сенаторлар елдегі арнайы экономикалық аймақтардың жағдайын зерделеуді жалғастырды

29 Қараша 2022, 23:18 852

Аталған мәселе сенаторлардың ерекше бақылауында

Сенаторлар елдегі арнайы экономикалық аймақтардың жағдайын зерделеудң жалғастырды, деп хабарлайды El.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің арнайы экономикалық аймақтарының қызметін жетілдіру мәселесі сенаторлардың ерекше бақылауында тұр. Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары осыған байланысты Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында болды.

АЭА қызметкерлерінің айтуынша, бұл аумақта шар кранын, жылу жібермейтін құбырларды, шойын, болат, алюминий және түсті металдар өндірумен айналысатын 8 жоба жұмыс істейді.

Сенаторлар бұл сапарды Қарағанды облысындағы АЭА-ның экономикалық тиімділігі мәселесін зерделеуге, сондай-ақ «Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нақты жағдайы мен олардың келешегі» тақырыбын бойынша өтетін дөңгелек үстел дайындауға бағытталғанын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: