Сенатор Бибігүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

3 Наурыз 2023, 12:11 1278

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірге әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салалардың мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, трансшекаралық білім беруді дамытуға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес кадрлар даярлауға қатысты мәселелер көтерілді.

«Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасындағы мәдениетаралық диалогқа жағдай жасауымыз керек. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Мемлекет басшысы осы орайда түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Бұл бастама студенттерімізге түркі тілдерін үйренуге және бауырлас елдердің өмірімен танысуға мүмкіндік береді», - деді Бибігүл Жексенбай.

Депутат Парламенттік ассамблея түркі тілдес елдер арасындағы мәдени-рухани және гуманитарлық салалардағы қатынастарды саралауға және дамытуға, түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ететінін де атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: