Сенат депутаттары президенттің ұсынысы бойынша зейнет жасына жеткен Жоғарғы сот судьясы Нұрғазы Әбдіқановты қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оның кәсіби қызметіне жоғары баға берді.
Нұрғазы Әбенұлы өзіне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроймен атқарды. Алдағы уақытта барлық ісіне сәттілік тілейміз, - деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Нұрғазы Әбдіқанов 1962 жылы дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, ІІМ құрылымдарында, Алматы мен бірқатар өңірде судья қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың наурыз айынан бастап Жоғарғы сот судьясы болды.