Сенат үш жылдық бюджетті мәжіліске қайтарып берді

Кеше, 12:51 304

Сенаттың жалпы отырысында жоғары палата депутаттары «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежановтің айтуынша, Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертуі мен ұсынысы салыстырма кестеге жинақталды.

«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруды ұсынады,- деді Мәкежанов.

Бірақ, сенаторлар «Ұлттық қордан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.

2025 жылы шығыстарды ұлғайту бойынша ұсыныстарға 60,0 млрд теңге сомасына қолдау көрсетілді.Шығыстарды ұлғайту үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: