Сенат Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді мақұлдады

7 Қазан 2023, 04:33 741

ТМҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі –  экономиканың озық секторларына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа технологиялардың пайда болуын ынталандыру және оларды белсенді енгізу, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркі инвестициялық қоры түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты болып табылады. Оның мақсаты - өңірішілік сауданы кеңейту және экономикалық белсенділікті қолдау арқылы ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Қор инвестициялық қызмет арқылы келесі функцияларды орындайтын болады – микро-, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылымды құруды және жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіптік өндірісті, инфрақұрылымды, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және "жасыл" экономиканы қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы даму жобаларын қолдау.

Заңның қабылдануы Қазақстанға түркі әлемінің белсенді қатысушысы, түркі Халықаралық қаржы ұйымының алғашқылардың бірі және толыққанды мүшесі болуға, экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ ТМҰ шеңберінде және одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

ТМҰ құрамына:

🇦🇿Әзірбайжан

Қазақстан

Қырғызстан

Түркия

Өзбекстан кіреді

Бақылаушы елдер:

Венгрия

Түркіменстан

Берік Арманов
Бөлісу: