Сенат отырысында бірнеше заң қаралды

18 Қаңтар, 11:01 1280

Сенат отырысында «1999 жылғы 4 маусымдағы өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған заң туралы сенатор Советбек Медебаев 1999 жылы 4 маусымда ТМД мемлекеттерінің Үкімет басшылары осы құжатқа қол қойғанын атап өтті.

Содан бері бұл құжаттар 20 жыл бойы сақталды. Келісімнің ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беруге бірде-бір өтініш берілмеген. Бүгінгі күні КСРО-да жасалған барлық өнертабыстар бойынша қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өтіп кетті. Сондықтан бұл құжаттың күші енді жойылады, – деді депутат.

ҚР келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға 2020 жылғы 8 желтоқсанда қол қойды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: