Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бесінші орынға таласта отандастарымыз Италия құрамасына есе жіберіп, алтыншы орынға ие болды.
ҰОК мәліметінше, Париж Олимпиадасындағы командалық сынның ширек финалында қазақстандықтар Венгрияға жол берген болатын. Кейін 5-8 орынға таласу құқығын алып, алдымен Египетті жеңді. Алайда италиялықтардан ұтылып қалды.
Айта кетейік, Қазақстан командасының намысын Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғады.