Семейлік студент курстық жұмыс сатып аламын деп алаяққа ұрынды

2 Маусым 2023, 15:00 817

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп алаяққа ұрынды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, “Anti-Fraud” ЖПІШ барысында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

22 жастағы студент әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін күдікті деп танылған азаматқа тапсырыс беріп, 22 мың теңге төлем жасаған. Алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен. Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақшаны қайтарып, кінәсін мойындады.

Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: