Семейлік оқушылар жүк көтеретін робот жасады

15 Қаңтар, 06:33 1068
Қазақстандық оқушылар Индонезияда робототехникадан өткен чемпионатта жүлдегер атанды. Олар жүк көтеретін робот жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
 
Семейдегі Шәкәрім атындағы мектеп гимназияның "Шаңырақ" командасы жарты жыл бұрын ғана құрылған. Соған қарамастан бірнеше үлкен байқауда топ жарып үлгерді. Ал Индонезиядағы жарыстың қиын болғанын жасырмайды.
Жарыс қиын болды. Ол жарыста Индонезия мемлекетінің құрамасы да жүрді. Біздің ұтылған командамыз сол болатын. Арасында Америкадан да, Малайзиядан да командалар болды. Солардың арасында біздің Қазақстанның командалары жақсы деңгей көрсетті, - дейді команда жетекшісі Айдос Тұрсынбеков.
Индонезияда жүлде алған робот бірнеше қызмет атқарады. Тапсырманы тап-тұйнақтай орындайды. Заттарды жинап, дрон ұшыра алады.Тіпті, белтемірге де тартылады.
Жалпы ойын 2 минут 30 секундқа созылады. Осы уақыт аралығында бірінші 30 секундта робот өзі автономдық режимде жұмыс жасауы керек. Бір жарым минут басты пиксельдарды жинап, ең соңғы отыз секундында өзінің дронын ұшыруы керек", - дейді 11 сынып оқушысы Олжас Самархан.
Жарысқа 5 мемлекеттен 30 команда қатысқан. Абай облысының 5 оқушысы "Robot game" ойынын құрастырып, қазылар тарапынан жоғары баға алды. Олар ақпан айында тағы бір халықаралық жарысқа қатысады. Одан кейін Орта Азия чемпионатына дайындалады.
Баян Әжмұхан
Бөлісу: