Семейлік азамат достарының атына миллиондаған несие рәсімдеген

11 Желтоқсан 2023, 17:02 848

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеп, құмар ойынға жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақарат агенттігі.

Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға қаржылай көмектесуін сұрап, несие алдырған.

Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда күдікті достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды. Жәбірленушілер өздерінің таныстарының тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген.

Полицияға 19 адам жүгінді. Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал 39 миллион теңге.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: