Семейдегі ЖЭО-дағы жұмыс қалпына келтірілді

16 Желтоқсан 2022, 04:17 1286

Тұрғындарға әскери қызметкерлер көмекке келді

Семейдегі жылу электр орталығының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қарулы күштердің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері көмекке келді

Майор Владимир Ходьконың басшылығымен әскери бөлімдердің 60-тан астам әскери қызметшісі Семей қаласының тұрғын үйлері мен инфрақұрылым объектілеріндегі жылуды сақтауға көмек көрсетуде. Олар 1-ЖЭО-да көмірді қолмен беріп жатыр. 20 адамнан тұратын үш ауысымда ұйымдастырылған жұмыс ақаулар жойылғанға дейін жалғасады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай бүгін түнде болған еді. 1-ЖЭО-да мазут шаруашылығының отын беретін күштік фидері істен шыққан болатын.

EL.KZ
Бөлісу: