Семейдегі өрт 1600 шаршы метр аумаққа таралған

Кеше, 00:27 623

Семей қаласындағы А.Чехов көшесінде орналасқан астық қоймалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, астық өңдеуші компанияның аумағында күнбағыс тұқымы бар қойма өртенген.

Өртті сөндіруге 23 бірлік техника және жеке құрамнан 65 адам, сонымен қатар өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Нәтижесінде 1600 шаршы метр алаңда өрт жойылды, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: