Семейдегі аспалы көпірден ақау шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Көпірдегі деформациялық жіктің орнында жарық пайда болған.
Абай облыстық полиция департаменті полиция қызметкерлері деформациялық жікті мұздан тазарту қажеттігі туралы әкімдікке ұйғарым жібергенін хабарлады.
Әкімдік мамандары ешқандай қауіп жоқ екенін, бірақ көпір тәулік бойы бақылауда болатынын айтты.