Семейде жылу маусымы басталғалы 147 апат болды

19 Желтоқсан 2022, 17:23 1628

ЖЭО-ның жылу магистралінің тозу деңгейі – 63,8%-ды құрайды. Төтенше жағдай қалпына келтірілсе де, мәселе шеімін таппады

Семей қаласында ЖЭО-1-де отынмен қамтамасыз ету жүйесінің 1-ші конвейерінде өрт шығып, отынның қуат беру құрылғыларының істен шығуына әкеп соққан. Жылыту маусымына дайындық кезінде 98% дайын деген ақпарат берілгенмен, бір а  й ішінде 31 технологиялық ақау табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдай кезінде жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша бірнеше тұрғын үйлерде жылыту маусына дайындық паспорты жоқ екені белгілі болды. Ал Набережная қиылысында орналасқан тұрғын үй мүлдем жылусыз қалған. Жылу маусымына дайындық деңгейі берілген ақпаратқа сай еместігі айдан анық. Бұл мәселе бойынша жылу инспекциясының басшысы Сәдуақас Түсіпбеков:

«Маусым басталғаннан бері орын алып жатқан мәселелер – кенеттен пайда болған апаттар», деп қысқа жауап қайырды.

Ауа температурасы кей жерлерде 35 градустан төмен түскен кезде орын алған апат тұрғындарды дүрліктірді. Сонымен қатар , 21764 үй тексеріліп, нәтижесінде 11 560 пәтерде жылу дұрыс жетпейтіні анықталды. Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сүйенсек қазір барлығы температуралық режимге сәйкес жұмыс істеуде. Абоненттер жылумен толық қамтамасыз етіліп, материалдық ресурс жеткілікті.

«2391 абонентті жылумен қамтамасыз ететін Ғаббасов жылу көздерінде проблемалар шықты. Бұл жағдай қазандықтардағы жүктемені азайту арқылы салқындатқыштың параметрлерінің төмендеуіне де әкелді. Салдарынан «Теплокоммунэнерго» МКК күштері мен «ОЭСК» АҚ қаланы толықтай жылумен қамтамасыз етуге көшті», дейді  «Жылукоммунэнерго» МКК директоры Серік Түленбергенов.

Апат бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтар жұмыс істегенімен, бункерлерге отын қолмен құйылуда. Сондықтан жылу азайып, тұрғындар шекті жылумен қамтамасыз етілмей отыр.

 

Айым Даниярқызы
Бөлісу: