Семейде жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман табылды

5 Қараша 2023, 13:29 2567
Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада мәлімдеген болатын. Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды аман тауып отыр. 

Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралмақшы. 
Асқар Таудай
Бөлісу: