Семейде жоғалған оқушы аман табылды

18 Қаңтар 2023, 09:23 1235

Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғынның 13 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған қоңырауы келіп түскен. Оның айтуынша, бала үйден сағат 07:40-та шығып, мектепке қарай бағыт алған. Дабыл сигналы бойынша Абай облысы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы іздеуге кіріскен.

Тәртіп сақшылары мектеп оқушысының таныстары мен куәгерлерінен жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді. Әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жұмыстары жүргізілді.

Іздеу барысында полиция қызметкері Мичурин көшесінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы тауып, анасына тапсырды.

EL.KZ
Бөлісу: