Семейде суға батып бара жатқан бала құтқарылды

5 Маусым 2023, 01:22 723

Семейдегі Шүлбі су қоймасына батып бара жатқан алты жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

3 маусымда Семейдегі Шүлбі су қоймасында алты жасар бала отбасының жанынан кетіп қалып, суға түскен. Ата-анасы баласының суға кеткенін байқамай қалған. Бала көп ұзамай суға тұншыға бастаған.

Осы уақытта баланы жағада отырған өрт сөндіруші-құтқарушы Алтынбек Әлімжанов байқап қалып, баланы құтқару үшін суға секірген. Құтқарушы баланы ата-анасына табыстады.

Баламызды құтқарғаны үшін алғысымыз шексіз. Отбасымызды қайғылы жағдайдан сақтап қалды. Басшылығына да көп рахмет, - деп атап өтті отбасының әкесі.

Берік Арманов
Бөлісу: