Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби: полиция өкілдері мәлімдеме жасады

15 Қазан, 10:51 389

Абай облыстық полиция департаменті өкілдері қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестеге қатысты қылмыстық іс ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семейде жаңа туған нәрестенің денесін табу факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында оқиғаның куәгерлері мен бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды, - делінген облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы арнасында.

Еске сала кетейік, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды. Өкінішке қарай, 80% күйік шалған нәресте ауруханада шетінеп кетті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: