Бүгін 22 қыркүйек күні сағат 00:00-ден бастап, Семей қаласында 6 cәби дүниеге есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер қала күнінде өмірге келген сәбилердің 5-і ұлы, 1-і қыз бала екенін айтты. Осы мерекеге орай шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының перинаталдық орталығына барды.
Қала әкімі 02:30-да алғашқылардың бірі болып өмірге келген нәрестенің анасы Әйгерім Серікқалиева мен перинаталдық орталықтың ұжымын қала күнімен құттықтады.