Семейде жүк көлігі мен полиция қызметтік автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған.Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.