Семейде орталық тәрбиеленушілері футзал матчын тамашалады

Кеше, 00:15 532

Футзалдан «Семей» мен «Каспий» клубтары арасында кездесу кездесу өтті. Тартысты ойынды көруге «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 оқушы ойынды үлкен қызығушылықпен бақылап, жергілікті командаға жанкүйер болды.

Матчтан кейін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов балаларға футбол добын сыйлап, олардың арасында болашақ теңбіл доп шебері болуы мүмкін екенін жеткізді. Өз сөзінде шаһар басшысы жетістікке жету үшін көп еңбектеніп, қабілетті шыңдаудан шаршамау қажет екенін атап өтті. Мұнан соң балалар «Семей» ФК ойыншыларымен суретке түсті.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: