Семейде өрт сөндірушілер 7 жасар қыздың өмірін сақтап қалды

Кеше, 22:45 132

Семей қаласында Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады. Баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашқан жоқ. Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықұтан әр секунды маңызды екенін білетін құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезеге қарай ұмтылды.

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды.

Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз оған қажетті медициналық көмек көрсетілуі үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды.

Асқар Таудай
Бөлісу: