Семейде өрт кезінде әйел адам өлімнен аман қалды

3 Наурыз, 21:49 636

Семей қаласының өрт сөндірушісі әйелді жанып жатқан пәтерден құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ-нің мәліметінше, Семей қаласында Безымянная көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз отқа оранған.

Семей қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды. ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Облыс орталығында өрт оқиғасы кешкі сағат 18.36-да толығымен сөндірілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: