Семейде Наурыз мерекесіне байланысты көшелер жабылады

Кеше, 01:20 500

Абай облысында Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты  Семей қаласында көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, Орталық алаңға апарар жолдар уақытша жабылады. Атап айтқанда, Мұхамедханов көшесі – Ибраев көшесінен  Абай көшесіне дейін, Қозбағров көшесі – Ибраев көшесінен Абай көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз,-делінген полиция мәліметінде.

Асқар Таудай
Бөлісу: