Семейде ғимараттарды декоративті жарықтандыру жұмыстары биыл да жалғасады

Кеше, 21:31 364

Семейдің түнгі ажарын айшықтап, тұрғындар мен қонақтарға тартымды орта қалыптастыру мақсатында қаланы декоративті жарықтандыру жұмыстары жалғаспақ. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында жарықтандырылатын тұрғын үйлер, әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар анықталды. Жоба аясында архитектуралық тұрғыда көркем құрылыстар мен орталықтағы негізгі көшелерге декоративті шамдар орнатылып, Семейдің түнгі көрінісіне ерекше сән беріледі.

Қаланың кешкі көрінісі — тек безендіру емес, оның тартымдылығын арттыратын маңызды бөлік. Алдымызда маңызды мерекелер күтіп тұр. Семей қонақтарды әсем де мерекелік кейіпте қарсы алуы тиіс. Сондықтан жылы реңктерді қолданыңыздар, - деді Бекжан Бапышев.

Бүгінде техникалық құжаттама дайындалып, жарықтандырылатын нысандар тізбесі бекітілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: