Семейде «Ертіс әуендері» фестивалі өтті

22 Қазан 2018, 06:26 1853

Семей қаласында «Ертіс әуендері» дәстүрлі орыс өнерінің XIV халықаралық фестивалі өтті. 

 

Аталмыш шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы негізінде ұйымдастырылып өткізіліп оты.

Жыл сайын өтетін фестиваль – барлық орындаушыларға, әріптестерімен кездесе отырып өздерінің вокал, аспаптық, хореографиялық дағдыларын көрсету, шығармашылықтарын жетілдіру үшін таптырмас мүмкіндік.

Биылғы жылы Семейге - Барнаул, Бийск, Рубцовск, Ақсу, Өскемен, Шемонаиха, Риддер және басқа да қалалар мен елді-мекендердің шығармашылық ұжымдары келді.

Екі күннің ішінде «Аспаптық жанр», «Жас орындаушылар», «Хореография», «Вокал жанры», «Хор жанры» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

Гала-концертте жиналған қонақтар мен қатысушы шығармашылық ұжымдарды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Аскар Нұрғазиев құттықтады. Ол әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардан басқа ортақ тарих пен мәдениет біріктіретін екі көрші елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың бұзылмайтынын атап өтті.

Бөлісу: