Семейде ересек адам мен жасөспірім бала газдан уланды

6 Ақпан 2023, 14:12 799

Қыс мезгілінің басталуымен пештердің дұрыс жұмыс істемеуі және оларды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себебінен өрттер мен улы газдан улану жағдайлары көбееді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мұндай жағдайлар түнде көп болады. Ұйықтап жатқан адам үшін өлімге әкелетін улы газдың өте көп дозасын алу үшін түтінді бөлмеде бірнеше минут болу жеткілікті.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасының Козбагаров, 23 мекенжайына барғаны туралы хабарлама келіп түсті, онда 1 ересек және 1 жасөспірім улы газдан уланған. Ақпарат жинау барысында улану пеште тартудың болмауынан орын алғаны анықталды.

Абай облысының ТЖД жеке үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;

- пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;

- көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппаңыз;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төсемеге орналастыруға болмайды;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге болмайды;

- күл мен қожға су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;

Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!

EL.KZ
Бөлісу: