Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар қатысты.
Әкімдіктің мәліметінше, облыста Абай күніне орай 100-ден астам іс шара өткізіледі. Көрмелер, концерттер, ғылыми конференциялар ұйымдастырылады. Ірі шаралардың бірі – Семей мен Жидебай арасындағы 160 шақырымдық «Shakarim University – 90» және 80 шақырымдық «Shakarim University – 90» ультрамарафондары. Жарысқа Астана, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Петропавл және Абай облыстарынан үш жүзге жуық марафоншы қатысады.