Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады

5 Шілде 2023, 19:55 1270

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады. Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

Перизат Саденова
Бөлісу: