Семей қаласындағы үйлерді су басты

10 Желтоқсан 2022, 17:40 1322

Семей қаласының әкімдігі жағдайды бақылауда

Шығыс кентіндегі жер үйлердің аулаларын су басуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы 10 желтоқсанда сағат 02:00 шамасында 112 пультке Шығыс оң ауданында Семипалатинка өзенінде мұз қатудың пайда болуына байланысты судың кері қайтуы орын алып, нәтижесінде Шығыс оң кентіндегі жеке үйлердің 3 ауласының аумағын су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Семей қаласы әкімдігінің және Абай облысы ТЖД қызметкерлерімен аулаларды аралау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, судың жоғарылауы байқалмайды. «Қазгидромет» және Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары Ертіс өзеніндегі су деңгейі мен мұз жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Семей қаласының әкімдігі жағдайды бақылауда, су деңгейі қосымша көтерілген жағдайда қажетті шаралар қабылданады.

EL.KZ
Бөлісу: