Семей орманындағы өртке Төтенше жағдайлар министрі араласты

8 Маусым 2023, 22:43 1007

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 га құрайтын 8 квартал өртеніп жатыр.

Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді.

Еске салсақ, Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатқаны хабарланды. Өрт шамамен 0,3 га аумаққа тараған.

Берік Арманов
Бөлісу: