«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.