Семей көшелері еріген қар суынан тазартылуда

12 Наурыз 2023, 19:20 1774

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Семейде қала көшелерін еріген қар суынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Semeynews.kz-ке слітеме жасап.

Қазіргі уақытта суды тазартуға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары,8 бірлік жылжымалы мотопомпалар және 12 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға тұнбаларды сору машинасы мен арнайы техника тартылған.

Қазіргі таңда 22 мың м3 астам су сорылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Холодный Ключ, Восход кенттерінде қар шығару жұмыстары жалғасуда. Қар шығару жұмыстарына 50-ден артық техникалар жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша қыс мезгілінің басынан бастап қала аумағынан 476 мың м3 астам қар шығарылды.

EL.KZ
Бөлісу: