Семей базарындағы өрт қолдан ұйымдастырылған ба?

20 Ақпан, 14:40 1099

Тілшілер ТЖМ басшысы Шыңғыс Әріновтен Семей базарындағы өртті қолдан ұйымдастырды деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасымды екенні сұрады.

Себебі бәзбіреулер «Ақшын» сауда үйін әдейі өртеп, тіпті бұл туралы өрт сөндірушілермен келіскен деген мәлімет тараған болатын.

Мұның мүлде мүмкін емес екендігін өздеріңіз де түсінесіздер ғой. Хабарлама өрт басталған соң 20 минуттан соң түсті. Күзетшілер бастапқыда өздері сөндіріп көрмек болған, негізі өрт сөндірушілерді бірден шақыру керек еді, - деді министр.

Әріновтің сөзінше, өрт сөндірушілердің жұмысына базар аумағының бос болмауы кедергі келтірген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: