Сел қаупі: ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салды

30 Маусым, 03:30 796

ТЖМ сел қаупі бар кезеңдегі қауіпсіздік қағидаларын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз;

- сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін;

- жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек;

- бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз;

- әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады;

- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Төтенше жағдайлар кезінде 112 қоңырау шалыңыз!

Перизат Саденова
Бөлісу: