Сел кезінде жоғалған баланың денесі Өзбекстаннан табылды

15 Шілде, 12:20 752

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды. 

Баланың денесі «Достук» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қырғызстан министрлер кабинетінің ақпаратынша, жыл басынан бері елде 230-дан аса сел жүріп, 17 адам қаза болған. 20 сәуір мен 1 шілде аралығында жүрген селдер 170 миллионнан астам сомға (2 миллион доллар) зиян келтірген деп хабарлады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: