Сегіз мыңнан астам көкшетаулық «Қасиетті шоқыну мерекесінде» Қопа көлінде суға сүңгіді

21 Қаңтар 2019, 06:15 2521

Жыл сайынғы іс-шараны «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі ҚХА-ның, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауларымен, қалалық әкімдік және Ақмола облысының православ епархиясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Көкшетау және Ақмола облысы епархиясының епископы Серапион «крестный ход» суға сүңгитін орынның салтанатты тазалау рәсімін өткізіп, одан кейін қала тұрғындары мен қонақтары қасиетті суға сүңгіп, шомылуға мүмкіндік алды.

«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменконың айтуынша, бұл күн дәстүрлі жалпықалалық мерекеге айналған, оған православтармен бірге басқа да ұлт өкілдері белсенді қатысуда. 

Қалалық жағалауға жиналғандардың арасында өз бақтарын алғаш сынағалы келген жастар қауымы көп болды. Барлық қалаған жандар үшін ыстық шай ұйымдастырылды.

Іс-шараны өткізіп келе жатқан алты жыл ішінде жергілікті төтенше жағдай құтқарушыларымен, құтқару істеріне және тәулік бойы кезекшілік етуге даяр жедел жәрдем қызметінің медицина мамандарымен дос болып кеттік. Қуанышқа орай, медициналық көмекке жүгінген бірде-бір адам болған жоқ. Егер адам өзін күнәлі ойлардан тазарту үшін салқын суға шомылуға кіруге шешім қабылдаса, оның бойында ішімдік ішу, есірткі қолдану сынды зиынды әдеттерден арылуға да күш пен жігер табылады», - деп өз ойымен бөлісті Александр Александрович.

Солтүстік Қазақстан облысының Қарағаш ауылынан отбасымен арнайы келген Елена Калицкаяның айтуынша, адам бұл күні өзінің барлық күнәларын жуып, жаны мен тәнін тазартып, Құдайдың рақымына ие болады.

Дәл осы күні Көкшетау қаласының Михаил-Архангель кафедралды соборында салтанатты мерекелік қызмет орын алып, 18-20 қаңтар аралығында барлық қалаушылар ғибадатханадан қасиетті су толтырып алу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетсек, өткен жылы көкшетаулық көлде бес мыңнан астам адам суға сүңгіп, шомылды.

Бөлісу: