Щучинск-Астана трассасында жеңіл көлік жанып кетті

Кеше, 23:10 514

Бурабай ауданындағы Щучинск-Астана трассасында жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер автокөліктегі алапат жалынды сөндіріп, жарылыстың алдын алды. 

Өрт аумағы 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Осы ретте Ақмола облыстық ТЖД жүргізушілерден автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Асқар Таудай
Бөлісу: