«SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды

3 Маусым 2023, 12:20 1123

Жолаушылар тасымалымен айналысатын «SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше мамыр айының соңында Қостанай-Анталья бағытындағы рейсте келеңсіз жағдай болған. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік ісс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуе компанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз, - деп жазылған комитет таратқан мәліметте. 

«SCAT» әуе компания жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отырған атады.Бұдан бөлек, әуе компаниясының әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатыны айтылды. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: