Сайлауда аккредиттеуден қандай жағдайда бас тартуға болады

10 Ақпан 2023, 17:07 1425

Семинарда ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар аккредитацияға жататынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айтуынша, саяси партиялардың байқауды жүзеге асыру үшін аккредиттеу талап етілмейді. Ол тек қана ҮЕҰ және коммерциялық емес ұйымдарға ғана қатысты.

«Аккредиттеуді өткізу тәртібіне сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар ОСК аккредиттеуді алады. Оны алу үшін екі құжат тапсыруы қажет. Бірінші құжат белгіленген нысан бойынша өтініш, екінші сайлауды байқау құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме», – дейді.

Аккредиттеу мерзімі:

«Құжаттарды қабылдағаннан кейін комиссиялар 30 күн ішінде өтінімді қарайды. Себебі осы өтінімдерді әділет органдарына жіберу керек. Түп нұсқалығын тексеріп, анықтап, ұйымның мәртебесі туралы ақпарат алу қажет. Оны әділет органдары 20 күнтізбе ішінде қарайды. Жауап алғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде аккредиттеу туралы куәлік немесе бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледі. 19 ақпаннан кейін берілген өтінімдер қаралып үлгермейді деп ойлаймын. Сондықтан олар жауапсыз қалады», – деді ол.

Аккредиттеуден бас тартуға байланысты:

«Қандай да бір жағдайда, сайлау комиссиялары аккредиттеуден бас тарта алады немесе күшін жоя алады. Оған бірнеше негіз бар. Біріншіден, егер құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса, екіншіден, ұйымның жарғысында сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығы белгіленбесе және қоғамдық бірлестіктің немесе коммерциялық ұйым еместің қызметі тоқтаған жағдайда. Осы басты тіркеуден бас тарта алады. Өзге негіздер жоқ», – деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: