Сайлауалды үгіт-насихат кезінде 23 заң бұзушылық анықталды

17 Наурыз 2023, 12:22 972

Бұл туралы ОСК отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

18 ақпанда ОСК алаңында, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау алдындағы үгітті жүргізу мен шарттары туралы заңға түсініктеме жұмысы жүргізілді. Оған қандай жауапкершіліктің көзделгендігі туралы ақпарат та берілді. Алайда сайлауалды науқанда сайлау туралы заң талаптары бұзылды. Жалпы прокуратура осындай 23 заң бұзушылықты анықтадық. Барлық құқық бұзушыларға бірыңғай көзқарасты ұстанамыз. Бүкіл фактілер тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды, – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: