Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында сайлау стандарттарының сақталуын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Халықаралық байқаушылар наурыздың 17-нен бастап жұмыс істеп жатыр. Стандарттарға сай өтіп жатқан сайлау науқаны әділ өтіп жатыр. Халық сайлау мәдениетін қалыптастырып үлгерген. Миссия барлығы әділ өтіп жатқандығына күмән келтірмейді. Орталық сайлау комиссиясы объективті жұмыс жасауда. Материалдық және техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген», дейді ұйымның саяси департаментінің кәсіби офицері Сэид Хассан.
Айтуынша, сайлау учаскелерін бақылау барысында ашықтық айқын көрініс тапқан.
«Сайлаушылар дауыс беруге үлкен дайындықпен келген. Билік пен қоғамның арасындағы ашықтық саяси дамуға әкелетіні сөзсіз. Стандарттарға сай бақылау жүргізудеміз, қорытынды шыққаннан кейін тағы өзіміздің пікірімізді білдіреміз», – деп сөзін аяқтады.