Сайлау күні астаналықтар автобуста тегін жүреді

18 Наурыз 2023, 13:15 3322
19 наурызда өтетін сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар тегін жол жүруді пайдаланады.

Қазақстан Парламенті мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызға белгіленді.

EL.KZ
Бөлісу: