Сайлау кезінде қанша бюллетень берілмек

10 Ақпан 2023, 16:17 2812
Сайлаудың ерекшелігі мен артықшылығын онлайн семинарда ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
«Мажоритарлық және пропорционалдық негіз бойынша сайлау Мәжіліс және мәслихат деңгейінде өтетіндіктен, әрбір дауыс беретін адам Астана, Алматы және Шымкент қаласындағылар 4 бюллетень алады, екеуі Мәжіліс депутатын сайлау бойынша, ал қалған екеуін мәслихат депутатын сайлау бойынша ұсынылады. Өзге облыстар 5 бюллетеннен алады. Оның екеуі Мәжіліс, үшеуі мәслихат бойынша», – деді ол.
 
Дауыс беру және дауыстарды санау бойынша:
 
«Дауыс беру таңғы сағат 7:00 – 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан бастап 12 сағаттан кешіктірілмеуі тиіс. ОСК ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтауына 10 күн көзделген. Ал мәслихаттардың сайлау қорытындыларына 5 күн берілді», – деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: