Сайлау ашық, бейбіт жағдайда өтті деп бағалаймыз – Түркия байқаушылары

20 Наурыз 2023, 12:20 1131

Түркия мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Миссия басшысы, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Реджеп Шекер ассамблеяның атынан сайлауға қатысты өз бағасын берді.

Кезектен тыс депутаттар сайлауы заңнамалық реформалар аясында өтті. Шетелде 62 елде 77 сайлау учаскесі құрылып жұмыс істеді. Түркия байқаушылары сайлау науқаны жөнінде толық ақпарат алды. Бірқатар жәшіктерді ашудан бастап, дауысты санауға дейінгі кезеңдерге қатысты. Сайлау ашық, бейбіт жағдайда өтті деп бағалаймыз, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: