Сайлау алды үгіт жұмысына барлық адам бірдей қатыса алмайды

22 Қазан 2022, 11:46 2012

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының семинарында комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова айтты

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт баспа материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарды таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының семинарында комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Баспа, аулиовизуальды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату кезінде ескерткіштерге, обелисктерге, ғимараттарға, сәулеттік, мәдени және тарихи құндылығы бар ескерткіштерге, дауыс беруге арналған үй жайларға іліп қоюға тыйым салынады»- деді Анастасия Щегорцова.

Сонымен қатар, ол қандай тұлғаларға сайлау алды үгіт жүргізу жұмыстарына қатыса алмайтындығын атап өтті.

«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқарц органдарына, сондай-ақ, олардың қызметін атқару кезіндегі лауазымды адамдарға;
Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және соттарға;
Сайлау комиссияларының мүшелеріне;
Діни бірлестіктерге;
Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғалар үгіт жүргізу жұмысына қатыса алмайды»,- деді Анастасия Щегорцова.

Миражан Махан
Бөлісу: