Саяси додаға үш күн қалды. Сайлаудың болғанынан боладысы қызық болып тұр. Себебі депутаттыққа үміткерлердің қатары көп. Ел сенімін ақтар азаматтардың билікке келуі қарапайым халық үшін маңызды. Ал кандидаттарға сайлаушы халықтың дауысы маңызды. Бұл ретте El.kz ақпараттық агенттігі сайлаушыларға түсінікті болу үшін дауыс беру бюллетенін қалай толтыру керектігін және неше бланк болатынын саралап көрді.
Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Кезектен тыс сайлауда 19 наурыз күні 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандатты аумақтық округтерден сайланады. Яғни, ашып айтқанда, Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланса, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес республика бойынша барлығы 20 өңірден 12 миллион 32 мың 550 сайлаушы дауыс береді. Сайлаушылар 29 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасайды. Дауыс берушілер өз сайлау учаскесін sailau.gov.kz/#info сайтынан біле алады. Ол үшін сайлаушы сайтқа кіріп, тұратын аймағы мен ЖСН нөмірін енгізеді.
Сайлаушыларға арналған бюллетеньдер әртүрлі түсте болады. Біріншісінің түсі – көк, екіншісінің түсі – жасыл, үшіншісінің түсі – күрең және төртіншісінің түсі – қызғылт сары, бесіншісінің түсі – сұр.
ОСК мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы санының бір пайыздық резервті қоса алғанда, барлық өңірде 12 млн 152 мың 876 дана бюлетень бар. Бюллетеннің бланкі – екіжақты. Түсі – көгілдір. A5 форматында. Бюллетень арқылы дауыс берген әрбір сайлаушының ерік-жігеріне заңды күш беріледі. Себебі, бюллетень ең маңызды сайлау құжаттарының бірі.
Айта кетейік, еліміздің үш мегаполис қаласы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлаушылары үшін 4 бюллетень берілсе, қалған 17 облыс аумағындағы әрбір сайлау учаскесінде бюллетеньдердің 5 түрі болады. Өйткені, кейбір өңірлерде қалалық және аудандық мәслихаттар сайланады.
Сонымен ОСК ақпаратына сүйене отырып, 5 бюллетеннің нысандары мен бланкілеріне қойылатын талаптар, оның ішінде екі жақты формат, бюллетень бланкісінің түсі мен мөлшері туралы айтатын болсақ:
Осылайша, 17 облыстың аумағында орналасқан әрбір сайлау учаскесінде бюллетеньдердің 5 түрі, ал 3 мегаполисте – 4 бюллетень берілмек. Сайлау бюллетеньдерінің жалпы саны 12 152 876 дана. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелері барлық қажетті жағдайлармен, жарықтандырумен және үлкейткіштермен жабдықталған.
Сайлаушылар 20 өңір бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімін мына жерден біле алады.