Сәйкестік пе? Жеңіс Қасымбек Ақордаға барғаннан кейін Тоқаев Көлгіновті орнынан босатты

30 Маусым 2023, 16:32 1569

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босататындай кездесу барысында не талқылағандарын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сұраққа қала әкімі қысқа жауап берді.

Сол күні мен суға қатысты жағдайды ғана баяндадым, басқа сұрақтар болған жоқ. Сондықтан даталарда сәйкестік болса, бұл жай ғана сәйкестік, - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, 7 маусымда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысымен кездесті. Ал 8 маусымда Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновті қызметінен босатты.

Еске салайық, 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін Көлгінов Астана қаласының әкімі қызметін атқарған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алтай Көлгінов қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Миражан Махан
Бөлісу: