Саяси саладағы ақпараттық соғыстың рөлі

22 Маусым 2016, 11:46

Ақпараттық соғыс

Саяси саладағы ақпараттық соғыстың рөлі

Ақпараттық соғыс қазіргі кезде дипломатиялық және экономикалықтан бастап әскери күреске дейінгі күрестің барлық түрлерін өз бойына тізіп кқрсетеді.  Ақпараттық соғыс бүгінгі күнде қызметтің өз алдына бөлек саласы ретінде дамып келеді. Ақпарат пен ақпараттық технологиялар әлемді жаулап алудың негізгі құралына айналуда.

Қарсыласқа әскери құралдарсыз ықпал етудің ең көне танымал формасы –өзіңнің жауынгерлік (кейде жалған) қуатыңды көрсету арқылы қорқыту – өте ертеде пайда болды. Ежелгі Египет соғыстарды жиі жүргізіп және көбінесе жеңіліс тауып отырды, алайда мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатпады. Бұл абыздардың арқасында, соғыстан жеңіліс тапқан кезде, шартты түрде жеңуші елдермен «мәдени серіктестік қағидаты» деп атауға болатын қағидат ойлап табылғандығын көрсетеді. 

Бейбіт және соғыс уақытындағы ақпараттық соғыс феноменінің пайда болуы түрлі шешімдер қабылданатын әрі ықпал ететуші ақпараттарды жеткізу және тасымалдаудың мейлінше тиімді жаңа құралдарының көпшілікке қол жетімді болуы мен таралуы арқасында жүзеге асты.

Зерттуші Зиновьев А.А. ақпараттық соғыстардың себептерін төмендегідей көреді:

Ақпаратты жинау, өңдеу және тасымалдау құралдарының жетілуі;

Коммуникация құралдарының жетілуі;

Көпшілік қозғалыстардың алдын алу, адамдарға айлы-шарғы жасау, оларды бақылау құралдарының жетілуі;

Бұқара мәдениетінің адамдардың өмір салтын стандарттауына әсері;

«Фролов Д.Б. ақпараттық соғыстың пайда болуының негізгі себебі бұқаралық коммуникация құралдарының белсенді дамуы деп ойлайды»[9.2б]. Бұл технологиялық прогрес адамдардың үлкен топтарына әсер ету мүмкіндігін туғызды және сол арқылы адамдарды айла-шарғыға ұшыратуға да жағдай жасады, сонымен қатар бұқара мәдениетінің қоғамның барлық салаларына енуіне де ықпал етті.

Воронцова Л.В. ақпараттық соғыстардың дамуы дербес компьютерлер мен ашық телекоммуникация желілерінің пайда болуы арқылы басталды деп тұжырымдайды. Ақпараттың негізгі тасымалдаушысы ретінде компьютерлік тасымалдаушылар, ал ақпаратты жеткізудің маңызды құралы ретінде – телекоммуникациялар желісі шыға бастады. Компьютерлік желінің нақты қолданушысына жасырын дербес ақпараттық әсер ету және жаһандық телекоммуникациялық желілердің кең аудиториясына бақылауға келмейтіндей бұқаралық ықпал жасау мүмкін болды. 

Қарсылас жаққа ақпараттық әсер ету идеясының бастамасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі насихаттау жұмыстары деп есептей аламыз. Соғысушы елдердің қатары әскерлер мен қарсылас жақтың тұрғындарына насихат жүргізетін, сонымен қатар бейтарап жақтардың қоғамдық пікіріне әсер етуге арналған арнайы мекемелер құрды.

Насихат жүргізудің басты қағидаттары мыналар болды: жалған және шынайы хабарламалардың үйлесімді бірлігі арқылы пропагандалық материалдардың дұрыстығын емес, шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету; өз үкіметінің саяси әрекеттерін пропаганда арқылы басып озу; дұшпан елдер үкіметтерінің пропагандалық қолдауы; пропаганданың қарсыластың патриоттық күштері атынан жүргізілуі. «Пропаганданың маңызды міндеті әскерді ыдырату және жау мемлекеттерді қоныстандыру болып саналады»[9.3б].

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен ақпараттық соғыс саласында тәжірибесі бар ағылшындық үкімет Германияға қарсы үлкен пропаганданы жүргізді және оның территориясына пропагандалық әдебиеттерді тастаумен айналысты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде британдық пропагандалық ұйымдардың құрамында пайда болған аудиторияға психологиялық әсер етудің жаңа тәсілдерінің бірі аудиторияның сеніміне кіру болып табылады. Британдық жақтың пропаганда жүргізуінің басқа маңызды тәсілі қарсыластың ресми хабарламаларында дәлсіздіктерді қолдану болып есептелді.

В. С. Пирумовтың пікірінше, бейбіт уақытта ақпараттық соғыс көбінесе жасырын сипатқа ие болады.  Оның негізгі мазмұны қарсыласына қатысты барлаушылық және саяси-психологиялық әрекеттерді жүргізуден, сонымен қатар өзінің ақпараттық кауіпсіздігі жөнінде шараларды іске асырудан тұрады.

Ақпараттық соғыстың түйіні қоғамдық санаға адамдарды басқарып, оларды өз мүдделеріне қарсы әрекет еттіретіндей әсер етуде жатыр.

Манойло А.В. ақпараттық соғыстың келесі міндеттерін былайша анықтайды:

1. Ақпараттық кеңістікті оны қолдану мүмкін болатындай етіп және өзінің әскери ақпараттық қызметтерін дұшпандық әрекеттерден (контрақпарат) қорғай отырып   бақылау керек.

Жауға ақпараттық шабуыл жасау үшін ақпаратқа бақылау орнатуды қолдану.

Қарулы күштердің жалпы тиімсіздігін әскери ақпараттық қызметтерді ортақтаса қолдану арқылы арттыру

«Зерттеуші Грачев Г.В.: «ақпараттық соғыс ақпаратты бөлек нысан  немесе әлеуетті қару және пайдалы мақсат ретінде қарастарады. Ақпараттың сапасы – соғыс жүргізудің қиындылық көрсеткіші. Командир қаншалықты сапалы ақпаратқа ие болса, оның дұшпанға қарағандағы артықшылығы соншалықты көп болып келеді» - дейді»[10. 1б]. Ол ақпараттық соғыстың мынадай міндеттерін көрсетеді:

Ақпаратты дұшпанның аргументациясына әсер ету үшін қолдану (психологиялық операция).

Электронды соғыс- дұшпанға нақты ақпаратқа қол жеткізудің мүмкіндігін жою.

Теріс ақпарат – қарсылас жаққа өзінің күші мен ниеті туралы жалған ақпаратты жеткізу.

Ақпараттық тікелей шабуылдар – ақпараттың өзі тұрған маңыздылығының көзге көрінерліктей өзгерістерсіз тікелей тарылуы/қысқаруы.

 

Сонымен қатар Грачев ақпараттық соғыстың үш мақсатын бөліп көрсетті:

Ақпараттық кеңістікті оны қолдану мүмкін болатындай етіп және өзінің әскери ақпараттық қызметтерін дұшпандық әрекеттерден (контрақпарат) қорғай отырып бақылау керек – жауға ақпараттық шабуыл жасау үшін ақпаратқа бақылау орнатуды қолдану – қарулы күштердің жалпы тиімділігін әскери ақпараттық қызметтерді ортақтаса қолдану арқылы арттыру

«Профессор Расторгуев С.П. ақпараттық соғыстың екі негізгі белгісі көрсетілген. Біріншіден, ақпараттық соғыстың негізгі мақсаты кез келген бір артықшылыққа қол жеткізу болып табылады, солай бола тұра ақпараттық соғыс процесінде қарсыластыққа қатысушылардың бірі ол артықшылықты иеленеді, екіншісі – жоғалтады. Екіншіден, ақпараттық соғыс ашық және жасырын ақпараттық ықпал етудің нәтижесінде жүзеге асады»[10. 4б].

Бүгінгі күні ақпараттық соғыстың бірде-бір анықтамасы акциялардың, іс-шаралардың, ақпараттық әсер ету операцияларының көптігінен мемлекет пен қоғам үшін қауіптіліктің жоғары дәрежесін көрсететін және әскери әрекеттер категориясына жатқызуға болатын түрін белгілеп бере алмайды.

Ақпараттық әсер ету және тұлғаны күштеу уақыт пен кеңістікте үйлестірілген және жеке адамдар арқылы, сонымен қатар түрлі қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын әртүрлі арнайы әдістер мен құралдарды қолданумен іске асырылады. Дұрыс құрылған соғыс науқаны, ақпараттық соғыс жүргізу үшін керекті және дұрыс әдістердің қолданылуы алға қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік туғызады.

Соңында мынадай қорытынды жасауға болады, соңғы жылдары қарудың классикалық түрлерімен қатар көбіне негізінде түрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау жатқан ақпараттық-пропагандалық қарулар

Бөлісу: